$ 511.67  582.38  6.53

«Өте сағындым»: Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушыларына үндеу жасады

Құдай ау шықты ау әйтеуір.

Фото: instagram.com/kamshatzholdybaeva
Фото: instagram.com/kamshatzholdybaeva

Танымал "Кешью" тобының бұрынғы солисті Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушыларын қуантып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші көп уақыттан бері әлеуметтік желіде көрінбей кеткен еді. Осы жолы Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын бөлісетінін айтты.

"Қайырлы кеш ! Қалайсыздар ? Инстаграмдағы көптееен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлегін киіп жүріп өттім... Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір - экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл алысып тұрған да жақсы ау. Оның үстіне , сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын , Аллаһ қаласа. Қандай өнім екеніне варианттар болса , жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым", - деді әнші.

Желі қолданушылары болса әнші көптен бері сағынып жүргендерін айтып жарысты.

"Жаным, қайда жүрсің", "Құдай ау шықты ау әйтеуір. Сағынған адам баршылық екен", "Кәмшатты көріп қуанып қалдық", - дейді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары