Желі жұлдызы жеке парақшасында видео жүктеп, көпшіліктен көрімдік сұрады.
Танымал блогер Елдос Кәдірханов су жаңа көлік сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы жеке парақшасында видео жүктеп, көпшіліктен көрімдік сұрады.
“Аллаға шүкір! Армандап жүрген көлікті алдық. Бәріңізге жұғысты болсын! Қуанышты бөліссең көбейеді. Бір арман орындалды”, – деп жазды Елдос.
Желі қолданушылары ақжарма тілектерін жаудырып, көліктің нарықтағы бағасын қызу талқылап жатыр.
“Бізге де салоннан көлік мінетін күн тусын”, “Қандай керемет көрініс”, “60 миллион теңгеге көлік алатындар да бар екен”, “Анаңның қуанғанын көріп, көңіл босады”, “Жолда қалдырмайтын темір тұлпар болсын”, – деп жазды көпшілік.