$ 510.81  578.59  6.51

«Өте төмен деңгей»: Тікелей эфирде шатасқан Мөлдір Мұқанова сынға қалды (ВИДЕО)

Кейін Динара Сәтжан оның алғаш рет эфирде отырғанын айтып, орын алған келеңсіздікті жұмсартуға тырысты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тележүргізуші ретінде алғаш рет тікелей эфирге шықты. Ол бағдарлама барысында әртістерді хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бір минут», – деген сәтте, қасында отырған тележүргізуші Динара Сәтжан оған сыбырлап, «бұл тікелей эфир» екенін ескертеді.

Кейін Динара Сәтжан оның алғаш рет эфирде отырғанын айтып, орын алған келеңсіздікті жұмсартуға тырысты.

Әлеуметтік желілерде бұл сәттің видеосы тез таралып, қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды. Көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.

«Журналистика факультетін жабу керек. Біреудің әйелі болғаны үшін жүргізуші болу керек пе?», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Неге әркім өз ісімен айналыспайды? Өте төмен деңгей», – деген де пікірлер жиі кездесті.

Бұл жағдай медиа саласында кәсіби мамандардың орны мен бағасы туралы қоғамдық пікірталас тудырды. Көпшілік кәсіби журналистердің еңбегі мен дайындық деңгейін елемеу – жалпы эфир мәдениетінің төмендеуіне себеп болатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 33
Күлкілі 7
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары