$ 512.66  580.59  6.45

«Соны камерада айту керек пе»: Анасының басына барып жылаған Нұрлан Албан көптің сынына қалды (ВИДЕО)

Жатқан жерің жайлы болсын! Рухың көкте шалқысын. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлы Исламмен бірге анасының басына барып, құран бағыштады. Олар сол жерде тұрып, әлеуметтік желіге арнап видео түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мінекей – әжесінің ұлымен бірге тұрмын. Шеше-ау, Исламың келді. Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың. Исламың сені ұмытпайды. Ислам – сенің балаң ғой, шеше. Жатқан жерің жайлы болсын! Рухың көкте шалқысын. Исламыңды бүгін мектеп бітіріп жатса да олимпиадаға алып бара жатырмын, шеше. Бақұл бол!», - деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін әртүрлі қабылдаған.

Олар: "Соны камераға айту керек па?", "Анаңыздың жаны жәннәтта болсын!", "Көңілім босап кетті ғой...", "Исламға ақ жол!" деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары