$ 514.5  582.67  6.35

«Қайырлы болғай»: Нұрлан Еспановтың ұлы ақ некесін қидырды (ФОТО)

Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, екеуі бір-біріне ұқсайтынын айтты. 

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Жақында сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов мешітте ақ некесін қидырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олжас Еспанов қуанышты сәті жайлы әлеуметтік желіде жазды. Сондай-ақ әншінің ұлы неке қию үшін арнайы әдемі датаны таңдаған. 

«Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай!», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, екеуі бір-біріне ұқсайтынын айтты. 

«Құтты болсын!», «Бақытты болыңдар», «Түрлерің бір-біріңе ұқсайды екен», «Қадамдарыңызға гүл бітсін!», - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары