$ 512.32  582.92  6.29

«Құдайға «операң да керек емес, осы баланы берші» дедім»: Майра Мұхамедқызы жан cырын ақтарды (ВИДЕО)

Салтанат Байқошқароваға көп алғысымды айтамын.

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы  "Алғашқы" бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді. Әнші басынан өткен жағдайды баяндап, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"20 жыл операның қызығы мен шыжығына батып жүрдім. Бір күні жолдасыммен сөйлесіп, балалы болуға қатысты мәселені талқыладық.

Жолдасым "Сенің операңды орындатқызбасам, мен кінәлі секілдімін. Бара ғой. Операңды айтып кел", – деді. Сөйтіп бір кеткенде жарты жыл, үш айға кетіп жүрдім. Бір уақытта қарасам жасым 40-қа келген. Анам бірде шақырып алып "Болды ғой. Пойыз кетіп бара жатыр. Сен осылай жүресің бе? Қалай баласыз өмір сүресің? Біз алты баланы жеткіздік. Өмір тек сахна, өнер емес, ертең сен де қартаясың. Басың ауырып, балтырың сыздайды. Сол кезде саған балаң шай әкеп бермей ме?" деп жақсылап тұрып айтты. Осыдан соң өзім де ойланып қалдым. Келгеннен соң дәрігерге жүгірдік. Салтанат Байқошқароваға көп алғысымды айтамын”, – деді әнші.

Сөзінше, баласы бойға біткенде көп қиындық көріп, тіпті өлім аузынан да қалғанын жасырмады. 

“Баланы көтергеннен кейін армандап жүрген екі театрдан ұсыныс түсті. Баламды ойлап үйде қалу немесе операны таңдау деген екі жол тұрды. Таңертең тұрғанда қан кетіп жатқанын көрдім. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бардым. Ол жақтағы дәрігерлер: “Баланың жүрек соғысын естіп тұрған жоқпыз” деді. Содан креслоны ұстап алып қатты жыладым. Құдайға "Операң да керек емес. Ештеңең де керек емес. Осы баланы берші" дедім. Бір кезде баланың жүрек қағысын естіп, талып қала жаздадым. Сонымен дәрігерлер "Болды, ештеңені ойламаңыз. Бала керек пе, осында жатыңыз", – деді. Сөйтіп 42 жасымда көтеріп, 43 жасымда қызымды тудым", – дейді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары