$ 512.32  582.92  6.29

«Айналайын, қайын сіңілім»: Қайын жұртын асыра мақтаған Аша Матайға жұрт тәнті болды (ВИДЕО)

Шаңырақтарың биік, бақтарың тұрақты, ұрпақтарың үлгілі болғай! 

Фото: instagram.com/ashamatai
Фото: instagram.com/ashamatai

Әнші, тележүргізуші Аша Матай Шымкентте қайын сіңілін ұзатып, желіде оған деген жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік әншінің бұған дейін қайын жұртымен бірге көрмегенін жарыса жазуда. Әнші жүрек жарды лебізін желідегі парақшасында білдірген.

«Айналайын қайын сіңлім, қуанышты күндерің құтты болсын! Бір-біріңе әрдайым тірек болып, сыйластықтарың мен махаббаттарың баянды болсын. Шаңырақтарың биік, бақтарың тұрақты, ұрпақтарың үлгілі болғай! Алла бақ-берекесін аямасын!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары қайын жұртын асыра мақтаған әншіге тәнті болған. Олар жылы тілектерін желіде жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары