$ 512.32  582.92  6.29

«Агрессордың имиджін ақтап жатыр»: Серік Шәріптен сұхбат алған блогер Әлішер Елікбаев жұрттың ашуын тудырды

Threads желісінде Елікбаевқа қатысты сын пікірлер қарша жауды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев актер Серік Шәріптен алған сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлішер Елікбаев Алматыдан Астанаға көлікпен сапар шеккен кезде актер Серік Шәріптен сұхбат алды. Айта кетейік, бұған дейін Шәріп (көпшілікке “Шакенти” лақап атымен белгілі) әлеуметтік желіде бұрынғы сүйіктісіне агрессиялық әрекет көрсеткені үшін дауға қалған еді.

Cұхбатта Шакенти сол күні не болғанын, барлық контрактілерінен айырылған соң қандай күйде болғанын айтады. 

"Өзімді ұстай алмай, шапалақпен ұрдым. Ол отырды да, жылай бастады. Екеуміз де әбден шаршаған едік. Мүмкін, күшімді ұстай алмаған шығармын. Торда отырғанда, сыртқа шыға алмайсың... Дәретхана жанында, түтіннің ішінде. Бес күн бойы сонда отырсаң — көп нәрсені түсіне бастайсың”, – дейді ол.

Тіпті өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін мәлімдеді. 

"Менімен барлық келісімшарттар бұзылды. Мен сондай бір... сіз айтқандай, “улы” кейіпкерге айналдым, ешкім байланысқысы келмейтін адам болдым. Шынымды айтсам, қатты күйзелдім. Жүрегім жараланды. Қалай өмір сүремін деп ойладым. Мен кинематографияға 13 жылымды арнадым ғой," – дейді актер.

Бұл сұхбат желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция туғызды. Threads желісінде Елікбаевқа қатысты сын пікірлер қарша жауды. Оған жазылудан бас тартып жатқандар саны көп.

“Әлішер сізден күтпеп едім”. “Елікбаевтан да зомбылықты насихаттағаны үшін бас тартайық”, “Неге осындай адамнан сұхбат алады? Оны ақтап отыр ма?”, “Сізден көңілім қалды”, “Зорлық-зомбылықты ақтап отыр, не сұмдық”, – деп жазды желі қолданушылары.

Белгілі блогер Нағима Ахметова (Нағимуша) Елікбаевты “агрессордың әрекетін заңдастырып отыр” деп айыптады.

“Қоғамда сыйлы адам саналатын Әлішер секілді тұлға зорлық фактісінен кейін бір ай өтпей агрессорды сұхбатқа шақырып, оны “құрбан” ретінде көрсететін әңгіме айтып отырса, ол оның әрекетін заңдастырады. Агрессордың имиджін жуып, оны “бейшара жігіт” ретінде қайтадан қоғам алдына шығаруға көмектеседі. Бұл арқылы ол өзінің көп жылдық еңбегімен қалыптасқан беделіне де көлеңке түсіреді. Әлішер қайырымдылықпен, әлеуметтік жобалармен айналысып, халықтың сеніміне ие болған еді”, – деп жазды ол.

“Сұхбатты көріп шықтым. Жарияланғаны дұрыс болды. Әлі де оған “кэнсел” керек пе деп күмәнданғандар енді дұрыс шешім қабылдағанына сенімді бола алады. Оқиғаға дейін оның кім екенін білмеппін, кинодағы ойынын да көрмедім. Бірақ сұхбаттан кейін актерлік қабілеті жоқ екенін түсіндім. Бишімбаев одан жақсырақ ойнады. Әрине, ол жерде де сенбеген еді”, – деп жазды заңгер Анна Чернова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары