Бұл Reels-тен кейін жалғасатын әрбір оқиға – әкем мен анамды жақсы көрген жандардың жүрегін ауыртуы мүмкін.
Дүниеден өткен белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова әлеуметтік желіде марқұм анасымен бірге өткізген сәттерін жариялап, бастарынан өткен бар шындықты ашып айтатынын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен бұл видеоны сіздерге монтаждап жатқанда көзім жасқа толды, қымбатты жазылушыларым! Бұл – тек жеке оқиға, саясатқа қатысы жоқ. Үміттенемін, мені түсіне аласыздар, әрі көзіме мұқият қараңыздаршы – олар көп нәрсені айтып тұр!
Кейбір жайттарды тіпті жақындарым да білмейді, сондықтан олар үшін бұл шок болуы мүмкін!
Мен осы жайлы, біз жылдар бойы сезініп келген күйіміз жайлы бейне түсірем деп талай рет ойға алғанмын. Бірақ, бәрі бірдей дайын емес, әрі кейбір жағдайлар бәрін толық ашуға мүмкіндік бермейді. Бұл жерде – менің отбасымның: анамның, балаларымның, бауырымның бастан кешкендерінің бір бөлігі ғана бар. Бәрін емес, шамамен бөлісіп отырмын. Бірақ осының өзі сіздерді бей-жай қалдырмауы мүмкін.
Көптеген пазлдар әлі орнына түскен жоқ, бұл қанша жылға созыларын мен де білмеймін. Ал анам болса, осы белгісіздікпен, шындықты білмей кетті. Бірақ, бәрімізбен сөйлесіп үлгеріп, 2024 жылға нүкте қойып кеткендей болды.
Бұл Reels-тен кейін жалғасатын әрбір оқиға – әкем мен анамды жақсы көрген жандардың жүрегін ауыртуы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы анамның өлімі – мен үшін тым жеке, тым ішкі дүние деп ойлап жүрдім. Бірақ олай емес екен. Тіпті, оны да жаман әңгімелер айналып өтпеген. Дегенмен... соңғы жылдар мен соңғы күндерде жанында болған барлық жақындары оның армандағанындай, әдемі түрде өмірден өткенін айтты. Ол осыны – Хадждан кейінгі 10 жыл бойы тілеп келген болатын.
Енді бәрі ретімен. Ақыры мен шыдай алмай, ішкі күйімді, шынайы ойларымды, жылдар бойы не сезінгенімді көрсетуге бел будым... дайын, жасанды "табыс тарихын" емес, соның артында не жатқанын ашқым келді!", – деп жазды Нұрқаділова.