Нағыз махаббатқа шомылып өскені көрініп тұр.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің сәби күнгі видеосы жарияланды. Бейнежазбаны Димаштың шетелдік жанкүйерлері жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода Димаштың әжесі мен анасының ортасында мәз болып жүргенін, бата жасап, бетін сипағанын байқауға болады.
«Ата-анасы махаббатты, тәрбиені, қолдауды аямай берген екен. Димашты туған анасына алғысым шексіз, аман болсын. Бала кезінде қандай тәтті болған, сүйкімді өзі. Әжесі, әкесі, анасы, қарындасы жалпы отбасы керемет, үлгі болар отбасы. Әлемдік жұлдыз боларын білді ме екен!?, Әжесінің махаббаты қатты көрініп, сезіліп тұр» - деп жазды желі қолданушылары.