$ 443.44  480.51  4.88

«65-ке жетпей тоқтама»: Айтыскер Айшолпан Тілеутай аз уақытта 41 келі салмақ тастады

Ол Айнұр Тұрсынбаеваға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Фото: www.instagram.com/tleutai.aisholpan
Фото: www.instagram.com/tleutai.aisholpan

Жас айтыскер Айшолпан Тілеутай ақын Айнұр Тұрсынбаеваға қазіргі салмағы 94 келі екенін, 40 келі салмақ тастағанын жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Instagram желісіндегі парақшасында өнердегі  әпкесі Айнұр Тұрсынбаеваға ота жасалғанда көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ жазбасында Айнұр Тұрсынбаеваға аз уақыт ішінде 40 келі салмақ тастағанын айтқан әңгімесін бөлісті. Ақын әрі психолог Тұрсынбаева Айшолпанға «65-ке жетпей тоқтама» деп жауап береді.

Айтуынша, басында салмағы 135 келі болған.

«Бұл сурет 135 келі кезім, сөге жамандамаңыздар. Бүгін – айтыстың аққуы, қазақтың бағына туған қызы, өмірі өнеге мен ғибратқа толы Айнұр Тұрсынбаева әпкемнің туған күні! Апатайыма деген құрметім шексіз! Әпкелік қамқорлығын көрсетіп, «Айшолпан қыз, сенің қолыңнан бәрі келеді» деп, биыл менің Ыстамбұлға барып, ота жасауыма да себепкер болған Айнұр апам еді. Отадан соң жанымда болып, психологиялық көмек берді, үйіне алып кетіп, бар жағдайымды жасады. Осы күнге дейін қандай жағдай болса да, мен туралы сыртымнан кім не айтса да, үнемі мені қолдап, қорғап жүретін апам. Апамның жақсылығын, қамқорлығын жазсам таңды таңға соғар әңгіме бар! Бар болғаныңыз үшін де мың алғыс, басыңыздан бақ пен құт кетпесін. Айтыс – қылдан жіңішке, қылыштан өткір өте нәзік өнер. Сол өнерде алдымызда жол көрсетуші әпкеміз өзіңіз болдыңыз! Сізге еліктеп өстік, сізді тыңдап өстік! Үлгісіз! Ерекшесіз! Бөлексіз! Туған күніңізбен, апатай! Сөзді кие тұтып, оның құдіретіне бас иген халқыңызға еркелеп жүре беріңіз! 100 жасаңыз!» – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары