$ 443.44  480.51  4.88

«Әйелі бір бүйрегін берген»: Ләйла Сұлтанқызы астаналық азаматтың таңғажайып оқиғасын бөлісті (ВИДЕО)

Бекболат мырза үш қыздың әкесі.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астана қаласында сенбілікке шыққан Ләйлә Сұлтанқызы жергілікті тұрғынның бастан өткен оқиғасын бөлісті. Тележүргізушіге көмектесу үшін келген азаматқа әйелі бір бүйрегін берген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Әйелінің бүйрегі азаматынікіне 86%-ға сәйкес келіп, донор болған. «Шүкір, жар таңдауда қателескен жоқпын» деп қояды Бекболат.

Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім де босап кетті. 4 ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен. Бекболат мырза үш қыздың әкесі. Құдай денсаулықтан айырмасын ешкімді.
Менің стористерімді көріп, кішкене болсын пайдам тисін деп келіпті", - деп жазды журналист.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары