$ 444.14  477.05  4.85

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

26 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

23 сәуір күні түстен кейін Шымкентте Жиделібайсын көшесінде Mercedes-Benz және Daewoo Nexia көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жүргізушілердің бірі алдыңғы көлікті басып озу мақсатында (алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes) қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Алайда содан кейін ол өз көлігін басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан басқа машинамен бетпе-бет соқтығысқан.

26 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Ал 49 жастағы Nexia жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Жиделібайсын көшесіндегі жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары