$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

ҚР СІМ Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ қазақстандықтарға әуежайларға баруды шектеуге, қауіпті орындардан аулақ болуға және жергілікті билік нұсқауларын орындауға кеңес берді. 

Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарға бірқатар қауіпсіздік шарасын сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты ведомство Қазақстан азаматтарына мынадай ұсыныстар берді:

  • сақтық шараларын күшейтіп, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындау;

  • аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау, ал рейстердің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылау;

  • адам көп жиналатын орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болу;

  • шұғыл қажеттілік болмаса, сапарларды кейінге қалдыру.

«Төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Жидда қаласындағы Бас консулдығына хабарласуларыңызды сұраймыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ СІМ шұғыл байланысқа арналған телефон нөмірлерін жариялады:

  • Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77;

  • Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0