$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты

Елдің Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, көз жұмғандардың төртеуі Сауд Арабиясының азаматы.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта халықаралық әуежайға зымыранмен шабуыл жасалды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 309-ы жараланды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елдің Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, көз жұмғандардың төртеуі Сауд Арабиясының азаматы. Қалғандары Бангладеш, АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан азаматтары. Қазір әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Рейстердің бір бөлігі кейінге шегеріліп, бірқатары басқа әуе айлақтарына бағытталды. Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылды хуситтермен байланыстырды. Алайда қозғалыс бұл жолғы соққыны өз мойнына алған жоқ. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#адам өлімі