$ 458.87  535.09  5.42

«Үйде жалғыз – 2» фильмінің жұлдызы Тим Карри қайтыс болды

Актердің менеджері оның қайтыс болғанын растаған, алайда өлім себебі әзірге жарияланған жоқ.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Британдық актер әрі әнші Тим Карри 80 жасында Лос-Анджелестегі үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актердің менеджері оның қайтыс болғанын растаған, алайда өлім себебі әзірге жарияланған жоқ.

Тим Карри 1946 жылы Англияның Чешир графтығында дүниеге келген. Ол өнер жолын Лондон театрларынан бастап, 1975 жылы жарық көрген «Рокки Хоррордың қорқынышты шоуы» фильміндегі доктор Фрэнк-н-Фертер рөлі арқылы кең танымал болды.

Актер кейін «Үйде жалғыз – 2» фильмінде қонақүй консьержі Хектор мырзаны, «Үш ноян» картинасында кардинал Ришельені сомдады.

Алайда Тим Карридің ең есте қаларлық рөлдерінің бірі – Стивен Кингтің «Оно» шығармасы желісімен түсірілген 1990 жылғы экранизациядағы қорқынышты сайқымазақ Пеннивайз. Бұл кейіпкер актердің шығармашылық жолындағы басты рөлдерінің біріне айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0