$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті

Осылайша төрт матчтан кейін 5 ұпай жианаған «Қайрат» турнирлік кетсенің 15-сатысына көтерілді.

Фото: Қайрат ФК
Фото: Қайрат ФК

Конференция лигасының төртінші турында Алматының «Қайраты» өз алаңында швециялық «Мьелбю» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ойындағы жалғыз гол 14 минутта соғылды. Марк Гуальдың берген пасына бірінші жеткен Еркін Тапалов соқты. Қонақтардың есеп теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда, Темірлан Анарбеков керемет сэйвтер жасап, қақпасын голдан аман сақтады.

Алматылық команда үшін бұл – Конференция лигасындағы алғашқы жеңіс. Бұған дейін «Қайрат» сырт алаңда «Ригамен» және «Аталантамен» тең ойнаған. Үйде «Панатинайкостан» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.

Осылайша төрт матчтан кейін 5 ұпай жианаған «Қайрат» турнирлік кетсенің 15-сатысына көтерілді. Келесі матчты Жора Арутуньян шәкірттері 10 желтоқсанда Алматыда өткізеді, қарсылас – «Универистатя Крайова» (Румыния).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#«Қайрат» ФК