Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыдай әлемнің 7-ракеткасы болып тұр.
Дүйсенбі күні теннистен жаңартылған әлемдік рейтинг жарияланды. Жаңа тізімде қазақстандық спортшылардың да көрсеткіштері белгілі болды. Әсіресе жұптық сында өнер көрсететін Жібек Құламбаеваның жетістігі ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйелдер арасындағы WTA рейтингінде жекелей сында Елена Рыбакина көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева екі сатыға жоғарылап, 65-орыннан 63-орынға көтерілді.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыдай әлемнің 7-ракеткасы болып тұр.
Соңғы апталарда Жібек Құламбаева жұптық сында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Ол словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо және Чилидің Колина қалаларында өткен WTA 125 турнирлерінде қатарынан жеңіске жетті. Бұл табыс қазақстандық теннисшінің рейтингтегі орнын жақсартуына мүмкіндік берді.
Нәтижесінде Жібек Құламбаева 86-орыннан 78-сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемнің үздік 80 теннисшісінің қатарына қосылды. Осылайша спортшы жеке рекордын жаңартты.
Айта кетейік, осы аптада қазақстандық теннисші Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін WTA 125 турниріне қатысады. Жарыстың жекелей сынында алғашқы айналымда ол өзінің жұптық сындағы серіктесі, словениялық Вероника Эрьявецпен кездеседі.
Ерлер арасындағы ATP рейтингінде Александр Бублик 25-орнын сақтап қалды. Ал Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 100-орыннан 102-сатыға сырғыды.
Әлемдік рейтингтің көшін 10 350 ұпай жинаған германиялық Александр Зверев бастап тұр. Ал маусым қорытындысы бойынша чемпион атанған испаниялық Карлос Алькарас 7600 ұпаймен үшінші орында келеді. Ол екінші сатыдағы италиялық Янник Синнерге (7950 ұпай) жақындай түсті.