$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Барыс» үшінші матч қатарынан жеңілді

Астаналық ұжым турнирлік кестеде сегізінші орынға төмендеді. 

Фото: Барыс ХК
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» өз айдынында Минсктің «Динамосын» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матчтың бірінші кезеңі тартысты өткенімен, командалар есеп аша алған жоқ. Ал, екінші кезеңде астаналықтар қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Джастин Бейли 30-минутта дәл соққысымен көзге түсті. Дегенмен, кезең аяқталғанға дейін «Динамо» ойыншысы Сэм Анас таразы басын теңестірді және командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті.

Шешуші үшінші кезеңде де ойындағы басымдық «Барыста» болған. Алайда, Краваец шәкірттері өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана алмай жатты. Есесіне 49-минутта Сэм Анас дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

Айта кету керек, астаналық клуб соңғы үш матчта жеңілді. 29 матчтан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінің сегізінші сатысына жайғасқан.

Келесі ойынды «Барыс өз айдынында «Северстальға» қарсы өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#турнир #Барыс