$ 444.4 € 488.97 ₽ 5.39

Хабиб Нурмагомедов БАӘ билігімен інісі Усманды босатуға келісті

Алайда нәтиже болмаған соң Хабибтен көмек сұраған. 

Фото: Mash Sport
Фото: Mash Sport

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде ұсталған інісі Усман Нурмагомедов пен оның серіктерін босату мәселесін шешкен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Mash на спорте Telegram-арнасының мәліметінше, бастапқыда Усманның айналасындағы адамдар мәселені өздері реттеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмаған соң Хабибтен көмек сұраған.

Бұған дейін Усман UFC президенті Дана Уайт пен америкалық серіктестеріне жүгінген. Бірақ олар БАӘ заңдарының ерекшелігін алға тартып, көмектесе алмаған. Сондай-ақ Магомед Анкалаев пен Хамзат Чимаев та Мераб Двалишвилиге ықпал етуге тырысқанымен, жағдай өзгермеген.

Ақырында Хабиб Нурмагомедов мәселені шешу үшін Әмірліктерге өзі барып, жергілікті билік өкілдерімен келіссөз жүргізген. Telegram-арна дереккөзінің хабарлауынша, осыдан кейін інісі мен оның серіктерін қамаудан босатуға қол жеткізген.

Еске салайық, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада Real American Freestyle (RAF) турнирі қарсаңында болған. Абу-Дабидегі қонақүй холында сұхбат беріп тұрған грузиялық файтер Мераб Двалишвилидің жанына бірнеше адаммен бірге Усман Нурмагомедов келген. Бейнежазбада Усманның Двалишвилиге жақындап, оны шапалақпен ұрғаны көрінеді.

Бұған дейін БАӘ билігі Усман Нурмагомедов пен оқиғаға қатысы бар өзге адамдарға алты айға бас бостандығынан айыру, айыппұл салу және жазасын өтегеннен кейін елден депортациялау туралы шешім шығарғаны хабарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0