13.11.2026, 23:30

Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды

Фото: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.