10.11.2026, 17:20

Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Фото: ҰОК

Отандасымыз жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. 

Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтті.

Екінші орын Каролина Гайдуковаға (Словакия) бұйырды - 11:37.62. Ал ресейлік Ангелина Новолодская үздік үштікті түйіндеді - 11:43.65.

Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальға ие болған еді.