07.11.2026, 00:35

Закир Найманбаев америкалық қарсыласын тағы да жеңді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстандық күш атлеті Закир Найманбаев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Power Slap 26 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол америкалық Уэс Менамен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Закир Найманбаев ауыр салмақтағы Power Slap рейтингінде үшінші орында тұрған. Ал Уэс Мена дивизионның үздік спортшылары арасында сегізінші сатыға жайғасқан.

Биыл наурыз айында екі спортшы бұған дейін де өзара кездескен. Ол кезде де қазақстандық күш атлеті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Power Slap промоушнының негізін қалаушы – UFC президенті Дана Уайт.