06.11.2026, 16:00

Роналду Португалия құрамасымен қоштасу матчынан бас тартты

Фото: sportbox.ru

Бұл туралы Observador басылымы жазды.

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында қоштасу кездесуін өткізгісі келмейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Observador басылымы жазды.

Бұған дейін 41 жастағы шабуылшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Роналду бұл шешімі туралы бас бапкер Жорже Жезушке алдын ала ескертпеген. Футболшы қыркүйек айында бапкермен арадағы келіспеушіліктен кейін ұлттық құраманың орналасқан жерінен кеткен болатын.

Дереккөз мәліметінше, Португалия футбол федерациясы шабуылшыға арнап қоштасу матчын ұйымдастыруды ұсынған. Алайда Роналду құрамаға қайта оралғысы келмейді.

Сондай-ақ футболшы мен Жорже Жезуштің телефон арқылы сөйлесуі жоспарланған. Бұл әңгімеге Португалия футбол федерациясының президенті Педру Проэнса араағайын болуға тиіс еді. Бірақ кездесу өтпеген. Роналду бапкермен сөйлесуден де бас тартқан.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы алғашқы ойынын 2003 жылғы 20 тамызда Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Сол кезде 18 жастағы футболшы алаңға екінші таймда қосылған. Матч 1:0 есебімен Португалия құрамасының пайдасына аяқталған.

Роналду — ұлттық құрама тарихындағы ойын саны мен гол көрсеткіші бойынша рекордсмен. Оның еншісінде 234 матч, 146 гол және 45 нәтижелі пас бар. Португалия құрамасымен бірге ол 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, 2019 және 2025 жылдары Ұлттар лигасын жеңіп алды.