06.11.2026, 13:00

Қазақстан хоккейден Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы ойынында қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыстың алғашқы ойынында қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қарашада Қытайға қарсы өткізеді. Ал 8 қарашада алаң иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.