$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

Анна Баларшина спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогында үздік ондыққа кірді

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» және «боулдеринг» сайысында бақ сынады. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» және «боулдеринг» сайысында бақ сынады.

Әйелдер арасындағы «жылдамдық» сайысында Анна Баларшина жетінші орынға ие болды. Ал Арина Новицкая 17-орынға тұрақтады. Ерлер арасында Жандос Қалыбай 17-орынға табан тіреді.

«Боулдеринг» сайысында Азат Майкотов 29-орын, Вадим Ишмухаметов 36-орын, Матвей Есипов 37-орын, Глеб Семешкин 39-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орын, Полина Андреева 30-орын, Виктория Адаменко 35-орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0