03.11.2026, 16:00

Футболдан Қазақстан құрамасының көшбасшыларын жаңа бапкер жаттықтырады

Фото: Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Келісімшарт мерзімі туралы мәліметтер жарияланған жоқ.

Құрамында қазақстандықтар Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов өнер көрсететін "Ахмат" футбол клубы жаңа бапкердің тағайындалғанын хабарлады. Команданың бұрынғы тәлімгері Станислав Черчесов болған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Грозныйлық клубтың жаңа бапкері болып Ресейдің үш дүркін чемпионы және ЦСКА сапында УЕФА кубогінің иегері атанған Ролан Гусев тағайындалды. Келісімшарт мерзімі туралы мәліметтер жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Гусев "Динамода" жұмыс істеген және оның қол астында Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов жаттыққан болатын.

Гусев тағайындалардан бірнеше сағат бұрын "Ахмат" Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кеткенін мәлімдеді.

"Ахмат" футбол клубы мен бас бапкер Станислав Черчесов еңбек шартын екі тараптың келісімі бойынша бұзу туралы шешімге келді. Дүйсенбі күні Станислав Саламович ұжыммен қоштасты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Черчесов бас бапкер лауазымында бір жылдан сәл аса уақыт – 2025 жылдың тамызынан бастап қызмет етті. Биылғы маусымда "Ахмат" екі рет жеңіске жетіп, алты рет жеңіліп, бес ойынды тең аяқтады. Команда Ресей чемпионатында 16 ұжымның ішінде 15-орында тұр.

Тегтер: бапкер футбол