01.11.2026, 10:30

Марат Байқамуров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп  хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.