31.10.2026, 21:30

Қазақстандық Molodoy PGL Masters Bucharest финалына шықты

Фото: HLTV

Турнирдің финалдық матчы 31 қазанға жоспарланған.

Қазақстандық киберспортшы FURIA командасын халықаралық турнирдің финалына шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық киберспортшы Данил «molodoy» Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы Румынияда өтіп жатқан PGL Masters Bucharest 2026 турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда бразилиялық ұжым MOUZ командасын 2:1 есебімен жеңді. Тартысты кездесу үш картаға созылды.

Алғашқы Dust2 картасында FURIA 13:6 есебімен басым түсті. Екінші Mirage картасында MOUZ 13:9 есебімен жеңіске жетіп, таразы басын теңестірді. Ал шешуші Cache картасында FURIA 13:9 есебімен қарсыласынан айласын асырды.

Бұл кездесуде қазақстандық Данил Голубенко ерекше көзге түсті. Ол үш картада 56 қарсыласын жойып, 37 рет қаза тапты. HLTV статистикалық платформасы оның ойынын 1,34 рейтингпен бағалады.

Сонымен қатар жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беруде қатысушылардың 86,7 пайызы molodoy-ды матчтың үздік ойыншысы деп таныды.

Ойыннан кейін қазақстандық киберспортшы MOUZ командасымен кездесу әрдайым қиын өтетінін атап өтіп, қарсыласының ойын жүйесі жақсы қалыптасқанын айтты.

Енді FURIA чемпиондық атақ үшін Nemiga командасымен кездеседі. Турнирдің финалдық матчы 31 қазанға жоспарланған.

Тегтер: киберспорт