Тартысты өткен белдесуде Асыл Айтақын 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзірбайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесті.
Тартысты өткен белдесуде Асыл Айтақын 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің аяқталуына 0,1 секунд қалғанда отандасымыз 2:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда соңғы сәтте сәтті әдіс жасап, есепті өз пайдасына өзгертті.
Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алу үшін күреседі.
ҚР ҰОК мәліметінше, Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады.