$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасаның қарашадағы ойындарына қатыспайды

Қазақстан құрамасы 13 қарашада Кишиневте Молдоваға қарсы сырт алаңда ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.

Фото: @d.satpayev / instagram
Фото: @d.satpayev / instagram

«Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаев Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында өтетін Ұлттар лигасының матчтарына қатыспайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат поратлы. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Молдова және Словакияға қарсы кездесулерге қатысатын 27 футболшының тізімін жариялады. Алайда 18 жастағы Дастан Сатпаев соңғы тізімге енбеді.

Биыл жас шабуылшы Қазақстан құрамасының жейдесінде Армения мен Венгрияға қарсы екі жолдастық кездесуде ғана алаңға шыққан. Ал қыркүйек айында «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде жамбасынан жарақат алған футболшы Ұлттар лигасының матчтарына қатыса алмаған еді.

Қазақстан құрамасы 13 қарашада Кишиневте Молдоваға қарсы сырт алаңда ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.

Дастан Сатпаевтың ұлттық құрамаға шақырылмауы жанкүйерлердің назарын аударды. Енді жас шабуылшының клубтағы жағдайы мен алдағы матчтарға дайындығы маңызды болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0