26.10.2026, 17:30

Жібек Құламбаева Қытайдағы WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты

Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерланд өкілі Изабель Хаверлагпен жұптасып, Гуанчжоуда өтіп жатқан Guangzhou Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дуэт жарыстың алғашқы кезеңінде Қытай теннисшілері Ихань Цюй мен Руен Жангты 6:3, 4:6, 10:5 есебімен жеңді.

Бірінші партия 31 минутқа созылып, қазақстандық-нидерландтық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары таразы басын теңестіріп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Шешуші супер тай-брейкте Құламбаева мен Хаверлаг 10:5 есебімен жеңісті жұлып алды.

Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақытта Жібек пен оның серіктесі 66 ұпай жинаса, қарсыластары 56 ұпай еншіледі.

Ширек финалда Құламбаева мен Хаверлаг Мария Козырева мен Майя Лимсденге қарсы ойнайды. Ресейлік-британиялық жұп турнирдің алғашқы кездесуінде үндістандық Рутуджа Бхосале мен тайландтық Пингтарн Плипуечті 6:3, 6:3 есебімен жеңген.