$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

Үш күнде 10 алтын: Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында тарихи жетістікке жетті

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс және 12-сі қола.

Фото: Cпорт комитеті
Фото: Cпорт комитеті

Отандық пара спортшылар жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль жеңіп алып, Азия Пара ойындарындағы бұрынғы үздік көрсеткішін жаңартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс және 12-сі қола.

Ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Шукурбеков Журқамырза, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен Анастасия Калаус салды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының ең жоғары нәтижесі 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарында тіркелген еді.

Айта кетейік, биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын 150 спортшы қорғап жатыр. Жарыс 24 қазанға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0