$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

Юлия Путинцева Қытайдағы жарысты жеңіліспен бастады

Осы нәтижеден кейін теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп 2:2 болды. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында ресейлік Диана Шнайдерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдік рейтингте 66-орында тұрған Путинцева рейтингтің 13-сатысындағы қарсыласымен 2 сағат 28 минут бойы тартысты кездесу өткізді. Алайда қазақстандық спортшы 5:7, 6:7 есебімен есе жіберді.

Матч барысында Путинцева бірде-бір эйс жасай алмай, бес рет қос қателік жіберді. Ол қарсыласының доп беруінде бес рет брейк жасағанымен, алты геймде өз доп беруін ұтқызып алды. Екі сетте де басымдыққа ие болған сәттерін тиімді пайдалана алмады.

Айта кетейік, өткен аптада Ухань қаласында өткен WTA 1000 турнирінің екінші айналымында да Путинцева Диана Шнайдерге 2:6, 2:6 есебімен жол берген еді.

Осы нәтижеден кейін теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп 2:2 болды. Ал Шнайдер Нинбодағы турнирдің келесі кезеңінде әлемдік рейтингте 20-орында тұрған филиппиндік Александра Эаламен кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#теннис #спорт