$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, құрлық чемпионатында топ жарды

Бұл - Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда ол SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс алды.

Бұл - Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Осылайша Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0