$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Ибрагим Нұрмаханұлы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты.

Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен тағы екі медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды.

Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Осылайша ұлттық құрама қоржынында үш алтын бар.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0