Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өз мәресіне жетіп, Азияда алауы ресми тұтанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Екі сағатқа жуық жалғасқан негізгі қойылымнан кейін, шара стадионда Жапония Олимпиада чемпиондарының алау эстафетасымен жалғасты.
Соңында, Афина Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Азия ойындары және әлем чемпионы Мурофуси Кодзи өз әкесі, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Мурофуси Сигэнобумен бірге бас алауды жақты.
Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Ашылу салтанатындағы спортшылар шеруінде еліміздің көк туын 15-ші болып Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова алып шықты.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан 43 спорт түрінен 558 спортшы ел намысын қорғайды.