18.09.2026, 12:20

Жалғас Жұмағұлов ресейлік чемпионмен жұдырықтасады

Фото: IBA

Жекпе-жек 17 қазанда Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Humo Arena спорт кешенінде өтеді. 

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды. Ол ресейлік боксшы Асрор «Вожак» Ақпархожаевпен кездеседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жекпе-жек 17 қазанда Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Humo Arena спорт кешенінде өтеді. Қос спортшы IBA Nomad 16 турнирінде жеңіл салмақта бақ сынайды.

«Тәжірибе мен жастықтың айқасы. IBA Nomad-тағы алғашқы кездесуін нокаутпен аяқтаған Жалғас Жұмағұлов жаңа сынға дайын. Оның қарсыласы — тәжірибелі әрі қауіпті спортшылармен бәсекелесе алатынын дәлелдеген жас боксшы Асрор Ақпархожаев», — делінген Nomad Fighting мәлімдемесінде.

Ақпархожаев — тәжікстандық тегі бар ресейлік кәсіпқой боксшы әрі поп-ММА өкілі. Ол Hardcore Boxing лигасының чемпионы атанған. Сонымен қатар Nomad FC, AllstarsBoxing және PRIME FL ұйымдарының жарыстарына қатысқан.

Жұмағұлов соңғы рет 6 маусымда Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирінде өнер көрсетті. Оның бразилиялық Игор Севериномен чемпиондық жекпе-жегі қарсыласының шаптан абайсыз соққы жасауына байланысты нәтижесіз аяқталған еді.