Бұған дейін қазақстандық теннисші Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде топ жарған.
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров теннисші Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында Рыбакинаның жеңісіне арналған жазба жариялады.
«Тарих қайта жазылуда», – деп ағылшын тілінде жазған спортшы кейін қазақша: «Жеңісіңмен құттықтаймын! Алға, Елена!» – деп жазды. Сондай-ақ ол жазбасына Қазақстанның бірнеше туын қосты.
Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде топ жарған.