07.09.2026, 16:40

Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінен шығарылды

Фото: Инстаграм

Қарсыласы — жергілікті боксшы Джексон Инглэнд.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енген жоқ,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Зауырбек бұған дейін WBA рейтингінде үшінші орында тұрған. Ұйым қазақстандық боксшыны тізімнен алып тастау себебін әзірге түсіндірген жоқ.

Соған қарамастан, жеңіліссіз келе жатқан отандасымыз әлем чемпионы атағына таласу мүмкіндігін сақтап отыр. Оның келесі жекпе-жегі 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өтеді. Қарсыласы — жергілікті боксшы Джексон Инглэнд.

Бұл кездесу IBF тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткерді анықтайды. Жеңімпаз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алады.

30 жастағы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Джексон Инглэндтің еншісінде 19 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

Тегтер: Сұлтан спорт