Кездесуден кейін Арина Соболенко қарсыласының ойынына жоғары баға берді.
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Беларусь теннисшісі төртінші айналымда WTA рейтингінде 96-орында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендті жеңді.
Sportarena.kz мәліметінше, матч 1 сағат 15 минутқа созылған. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен Соболенконың пайдасына аяқталды.
Матч барысында беларусьтік спортшы екі эйс жасап, екі қосарланған қателік жіберді. Ол 14 брейк-пойнттың жетеуін пайдалана алды. Ал Таунсенд алты эйс орындап, доп қабылдау кезінде үш қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Кездесуден кейін Арина Соболенко қарсыласының ойынына жоғары баға берді. Теннисші матчтың қорытынды есепке қарағанда әлдеқайда қиын өткенін атап өтті.