04.09.2026, 18:20

Көшпенділер ойындары: Аламан бәйгеде қазақ шабандоздары барлық жүлдені жеңіп алды

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Аламан бәйгенің жүлде қоры да қомақты.

Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық шабандоздар Аламан бәйгеде үздік нәтиже көрсетті. 25 шақырымдық жарыста жеңіс тұғырының үш сатысын да Қазақстан спортшылары иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бас жүлде 20-нөмірмен жарысқа қатысқан шабандоз мінген «Айман» жүйрігіне бұйырды. Осылайша қазақстандық спортшы жарыстың алтын медалін еншіледі.

Аламан бәйгенің жүлде қоры да қомақты. Бірінші орын иегеріне 1,5 млн сом (шамамен 7,5 млн теңге) табысталса, екінші орынға — 1 млн сом, үшінші орынға — 500 мың сом қарастырылған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы үш күнінде Қазақстан құрамасы 34 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль бар.