04.09.2026, 12:40

Луис Диас Мессидің дәуірінен кейінгі «Алтын доп» иегерін атады

Фото: Инстаграм

Диастың айтуынша, Кейн өткен маусымда өзінің жоғары деңгейдегі ойынын тағы бір мәрте дәлелдеген.

«Бавария» мен Колумбия құрамасының вингері Луис Диас клубтағы әріптесі, Англия құрамасының капитаны Харри Кейнді 2026 жылғы «Алтын допты» жеңіп алуға басты үміткерлердің бірі деп санайды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Диастың айтуынша, Кейн өткен маусымда өзінің жоғары деңгейдегі ойынын тағы бір мәрте дәлелдеген. Ол ағылшын шабуылшысының гол соғумен қатар, командаластарына көмектесіп, қорғанысқа да белсенді қатысатынын атап өтті.

«Кейн – әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі. Мен оның «Алтын допты» жеңіп алғанын және бұл жетістігін бәріміз бірге атап өткенімізді қалаймын», – деді Диас.

Өткен маусымда Харри Кейн «Бавария» сапында барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. Мюнхендік клубпен бірге Германия чемпионаты мен Германия кубогін жеңіп алды.