$ 455.86  528.84  5.25

Елена Рыбакина US Open турнирында үшінші айналымға жолдама алды

Бұл жолы бастапқы партияда Елена 3:0 есебімен алға кетті.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 105-орындағы испаниялық Джессика Бузас Манейромен шеберлік байқасты. 

Қарсыластар осыған дейін 2024 жылы Аустралияда өткен United Cup турнирінде кездесіп, онда Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бастапқы партияда Елена 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді — 6:2.

Қазақстандық теннисші екінші сетте де брейк жасай білді — 3:1. Бірақ матчқа доп қосқанда, өз геймін беріп қойды — 4:5. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:4.

Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Испаниялық спортшы 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. 

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 58-ракеткасы, Украина өкілі Юлия Стародубцевамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді камбэкпен ұтып кетті — 1:6, 7:6 (7:4), 6:2.

Е.Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында күтпеген жерден Ю.Стародубцевадан 6:3, 1:6, 6:7 (4:10) есебімен жеңіліп қалғаны белгілі. Қазақстандық теннисші сонда кеткен есені қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді. 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0