03.09.2026, 15:20

Сырым Ізбасаров көшпенділер ойындарының үш дүркін чемпионы атанды

Фото: ulttyqatsporty.kz

Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Қырғызстан өкілімен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Аударыспақтан сынға түскен Сырым Ізбасаров чемпион атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Қырғызстан өкілімен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Сырым Ізбасаров дүбірлі додада тағы бір мәрте чемпиондық атағын дәлелдеді.

Айта кетейік, спортшы бұған дейін 2016 жылы және 2024 жылы Астанада ұйымдастырылған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да топ жарып, алтын медаль иеленген.

Сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дарын Өткелбай аударыспақтан жеңімпаз атанып, Қазақстан құрамасына тағы бір алтын сыйлады.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар аударыспақтан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алған еді. Сырым Ізбасаров пен Дарын Өткелбайдың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының бұл спорт түріндегі алтын медаль саны төртеуге жетті.