Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут ойнады.
Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның бірінші ракеткасы US Open-2026 турнирінің екінші айналымында әлемнің 67-ракеткасы, француз Адриан Маннариноны жеңді. Бублик қарсыласын 6:3, 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут ойнады. Бублик 16 эйс жасап, үш қос қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Маннарино бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді. Француз теннисшісі үш брейк-пойнттың ешқайсысын жүзеге асыра алмады.
Енді қазақстандық теннисші үшінші айналымда Дино Прижмич (Хорватия) пен Томми Полдың (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, US Open-2026 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас.