18 жастағы Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында қатарынан үшінші рет алаңға шығып, 81 минут ойнады.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Төртінші турдағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен 23-минутта Эйдан Моррис «Мидлсброны» алға шығарса, 54-минутта «Бернли» сапынан Юго Рагубер есепті теңестірді.
18 жастағы Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында қатарынан үшінші рет алаңға шығып, 81 минут ойнады. Ойын соңында қазақстандық футболшыны жанкүйерлер қошеметпен шығарып салды.
Сәтпаев матч барысында қақпаға екі дәл соққы жасап, пастарының 94 пайызын сәтті орындады. Кездесу аяқталған соң ол матчтың үздік ойыншысы ретінде арнайы жүлдемен марапатталды.
Бұл – Дастан Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы жеке марапаты. Осы маусымда ол «Бернли» сапында төрт матч өткізіп, оның үшеуін негізгі құрамда бастады.
«Мидлсбромен» тең түскен «Бернли» қатарынан үш матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты. Команда төрт турдан кейін турнир кестесінде 23-орында тұр.