Ойынның 21-минутында Ямаль «Барселона» сапындағы 50-ші голын соқты.
«Барселонаның» 19 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль «Райо Вальеканоға» қарсы матчта дубль жасап, клуб тарихындағы және Испания футболындағы маңызды рекордтарды жаңартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойынның 21-минутында Ямаль «Барселона» сапындағы 50-ші голын соқты. Ол бұл межеге 19 жас 49 күнінде жетіп, клуб тарихында 50 гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд Хосеп Эсколаға тиесілі еді. Ол 1935 жылы 20 жас 356 күнде 50 голдың авторы атанған болатын.
Ямаль Испанияның кәсіби футбол тарихында да 50 голдық межеге ең жасында жеткен ойыншы атанды. Ол бұл көрсеткіш бойынша «Реал Мадрид» аңызға айналған Рауль Гонсалесті және «Атлетико Мадрид» сапында ойнаған Фернандо Торресті басып озды. Рауль 50 голға 19 жас 249 күнінде, ал Торрес 20 жас 221 күнінде жеткен.
Ламин Ямаль Холанд пен Мбаппенің рекордтарын жаңартып, үздік бес лига тарихында 50 гол соққан ең жас ойыншы атанды, - деп хабарлады "Барселонаның" баспасөз қызметі.
Ямаль матч соңында тағы бір гол соғып, «Барселона» сапындағы голдарының санын 51-ге жеткізді. Осылайша, жас шабуылшы бір кездесуде дубль жасап, футбол тарихындағы бірнеше айтулы көрсеткішті жаңартты.