01.09.2026, 15:40

Қазақстандық спортшылар ат спорты жарысында топ жарды

Фото: ҰОК

Үздік үштікті польшалық Малгожата Кошуцка V-Querida of Vigo Z атымен толықтырды.

Жарыстың шешуші күнінде қазақстандық спортшылар кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* конкурында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Раиса Соколенко Chevalier атымен сынға түсіп, жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Ал екінші орын Shenanigan атымен өнер көрсеткен Олег Соколенкоға бұйырды.

Үздік үштікті польшалық Малгожата Кошуцка V-Querida of Vigo Z атымен толықтырды.

Раиса Соколенко бұған дейін де жүлдеге қол жеткізген. Ол Chevalier атымен биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* бәсекесінде күміс медаль иеленген.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ат спорты жарысын бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан 150-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Тегтер: атжарыс жылқы