$ 464.77  541.36  5.41

Дзюдодан әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваға пәтер берілді

Нариман Төреғалиев Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында спортшыға табыс етті.

Фото: БҚО әкімдігі
Фото: БҚО әкімдігі

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваға Орал қаласынан жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Баспана кілтін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында спортшыға табыс етті.

16 жастағы Фатима Сұпығалиева биыл Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтын медаль иеленген. Осы жетістігі арқылы ол Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды.

Салтанатты шара барысында өңірде дзюдоның дамуына үлес қосқан облыстық дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев те марапатталды. Оған Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0